Біз туралы
«Күншуақ» балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімі
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сіздермен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық, қадір - қасиеттердің мән маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» - деп айтқандай бала біздің болашағымыз, бала тәрбиесі еліміздің әлеуметтік дамуының, құрылымының келешегін айқындаушы деп есептейміз. Егемен еліміздің көк туын желбіретер ертеңгі болашақ, яғни бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиесі аса ауқымды, назар салатын басты мәселелердің бірі. Отбасының басты қазығы, алтын тiреу дiңгегi - бала. Бала - бұл жер бетiндегi ең пәк, ең шынайы, ең адал жан! Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады.
Бiз Сiздiң балаңыздың ерекше және ең тамаша екенiне кәмiл сенемiз. Өзгеше, өнерпаз, ойлап табу қасиетi - бұл ерекшелiктердi әр баладан байқаймыз!
«Күшуақ» балабақша ұжымы сiздiң балаңызды жинақы, ерiктi, өзiне-өзi сенiмдi, Абайдың, Пушкиннiң, Шекспирдiң тiлiнде сөйлей алатын ұрпақ ретiнде тәрбиелеуде еңбек етіп келеді. Әр түрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, бір-бірін құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты жан-жақты тәрбие беру тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Баланың ойын кезіндегі белсенділігі, өзара қатынастар жасауы оның дамуына ықпал етеді.Оның бойындағы өнердi ашып, өздiгiнен әрекет жасауға, дәстүрден тыс ойлауға, бос уақытын ұйымдастыруға көмектеседі. Дұрыс тамақтанып, жақсы қарым-қатынас жасауына жағдай жасалған. «Күншуақ» балабақшасы Сiздiң балаңыздың сенiмдi көмекшiсi, жақсы досы болуға дайын., құрметтi ата-аналар!
«Күншуақ» балабақшасы 145 балаға арналған. Барлық 6 топта әр бала үшiн жайлы жағдайлар жасалған.
Балабақшада замануи жас ұрпаққа арналған ән-күй залы, психолог кабинетi бар. Бiлiм беру үрдiсi мемлекеттiк тiлде жүзеге асырылады.
Мектепке дейiнгi бiлiм беру мекемесiнiң бiлiм сапасын арттыру үшiн тәрбиелеу-оқыту үрдiсiне психологиялық, ағылшын тiлi, хореограф сияқты қосымша бiлiм беру қызметтерi енгiзiлген. Бiздiң балабақшамызда әсiресе бала қауiпсiздiгiне ерекше көңiл бөлiнедi.
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының «Күншуақ» бала бақшасы КМҚК
«Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының «Күншуақ» бала бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2013 жылдың ақпан айынан бастап «Балапан» бағдарламасы аясында салынып, мемлекеттік тілде жұмыс жасайды.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз ету мақсатында «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында бала бақшада 6 топ мемлекеттік тілде жұмыс істейді. 2017-2018 оқу жылынан бастап бала бақшада 5-6 жас балаларына арналған ересек тобы ашылып, өз жұмысын жүйелі жүргізуде.
Топ бойынша тізімдік құрамы:
№
|
Әр жастағы топтар
|
Жас
|
Балалар саны
|
1
|
«Балапан» тобы
|
2-3 жас
|
25
|
2
|
«Ботақан» тобы
|
2-3 жас
|
25
|
3
|
«Балбөбек» тобы
|
3-4 жас
|
25
|
4
|
«Балдырған» тобы
|
3-4 жас
|
25
|
5
|
«Айгөлек» тобы
|
4-5 жас
|
25
|
6
|
«Айналайын» тобы
|
5-6 жас
|
20
|
Барлығы
|
145
|
Педагогтардың сапалық құрамы:
Педагогтардың
барлығы
|
Білімі
|
Санаты
|
Жоғары
|
А/Жоғары
|
Арнаулы орта
|
І санат
|
ІІ санат
|
Санат жоқ
|
18
|
8
|
1
|
10
|
1
|
6
|
11
|
Оның ішінде: әдіскер - 1
Музыка жетекшісі - 1
Ағылшын тілі мұғалімі - 1
Орыс тілі мұғалімі - 1
Педагог-психолог - 1
Дене шынықтыру нұсқаушысы - 1
Материалдық-техникалық базасы барлық топтарға сай, топтар қажетті құралдармен жабдықталған, эстетикалық талғамға және балалардың жас ерекшеліктеріне сай, әсем безендірілген. Бала бақшада музыка залы, психология кабинеті жиһазбен, спорттық құралдармен жасақталған. Сонымен қатар, медициналық және егу кабинеттері, оқшаулау бөлмесі жұмыс істеуге қолайланып жабдықталған.
Балабақша аумағында жасыл ағаштар, гүл бақтары, ойын алаңдары және спорт алаңы бар. Әртүрлі топтың саябағында балалардың отырып демалуына арналған ойын құралдары, құм салынған қораптар орналастырылған.
Әр баланың ай сайынғы төлем ақсы 8900 теңгені құрайды. Төлем ақы құны баланың 4 уақыт толық қамды тамақтануына жұмсалады.