Меню

Бос орындарға конкурс туралы хабарландыру

2023 жылғы 15 мамырдағы Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Күншуақ» балабақшасы» КМҚК-нің бос қызмет орындарына конкурс өткізу туралы хабарландыру.

Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Күншуақ» балабақшасы» КМҚК

Орналасқан жері: 071400Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 11 ғимарат.

Пошталық мекенжай: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 11 ғимарат анықтама телефоны 8 (722512-17-70http://kunshuak.rka.kz/ru/ бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

Тәрбиеші – 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыстағы негізгі қызметкерді ауыстыру кезеңіне – 1 ставка.

 Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары: лауазымдық жалақы 130 000 теңгені құрайды, еңбекақы ай сайын жүргізіледі.

Функционалдық міндеттері: Күнделікті өмірде балалардың толыққанды дамуы мен негізгі дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау және қамтамасыз ету; балалардың ұйымдасқан оқу қызметін дайындау және өткізу; балалардың жас ерекшелігін есепке ала отырып, өзін-өзі күту дағдыларын, олардың жеке тазалық ережелерін сақтауын қалыптастыру және дамыту; Кәсіпорын мамандарымен мерекелерді, ойын-сауықтарды, бос уақытты өткізу; педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестіктер, семинарлар жұмыстарына белсенді қатысу. Білім беру процесі кезінде тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және жағдай жасау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім, қайта даярлау курстары болған кезде, балабақша тәрбиешісі лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар адамдар, сондай-ақ қызыл дипломмен жоғары немесе арнаулы орта педагогикалық мекемені бітірген өтілі жоқ адамдар, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, педагогика ғылымдарының магистрлері, біліктілік санатының болуы.

Қонкусқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 15 мамырдан 31 мамырға дейін. Құжаттар жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • өтініш;
  • түйіндеме, қосымша үлгі түйіндеме ұсынылады;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
  • білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).

Пайдалы сілтемелер

Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қ. білім бөлімінің
«Күншуақ» балабақшасы» КМҚК
ҚР, Абай облысы, Курчатов қ., Олимпийская к., 11
8 (72251) 2-17-70
kunshuakd@mail.ru