Хабарландыру
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Күншуақ» балабақшасы» КМҚК 2023 жылдың қыркүйек айының 11 нен бастап 02 қазанға дейін Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін орындау үшін Қамқоршылық кеңес құрылады, саны 7 адам, электрондық мекен-жайы kunshuakd@mail.ru, пошталық мекен-жайы 071100, Абай облысы, Курчатов қаласы, Олимпийская көшесі, 11 корпус:
Қамқоршылық кеңестің кандидаттары мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;
3) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, соттылығының болмауын растайтын құжаттар.