Меню

Бала бақшадағы дене шынықтыру

Жас ұрпақты жан - жақты дамыған, ой - өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор.

Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу - балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.    

 «Салауатты  өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін,  ынтымақты жауапкершілік қағидаты, міне осылар  денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұмысындағы, мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» - екенін атап көрсеткен.Балалардың денсаулығын нығайтуда, спортқа әуестендіріп,күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтыру, салауаттылыққа тәрбиелеу мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты.

Организимді шынықтыру бала денсаулығын күшейтудің ең негізгі жолы. Шынықтыру дене тәрбиесінің маңызды бөлігі, ол табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі түрдегі  жаттығулар  арқылы орындалады.Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы,бітімі үйлесімді,әрі сымбатты  келеді және ауа-райының  кез келген жағдайында жеткілікті дәрежеде  серуендей алады.

Шынықтыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Үзу немесе тоқтату салдарынан организмді шынықтыру барысында қалыптасқан бейімделу реакциялары жойылады.Сондықтан да,шынықтырудың жүйелілігі,яғни шынықтыру әрекеттері күнделікті кез келген мезгілде жүргізілуі тиіс. Денсаулық табиғаттың берген құнды байлығы,оны бастапқы  күйде сақтау ол адамның жеке салауатты өмір сүруіне байланысты  екенін есте сақтай отырып, шынықтыру жұмыстары жергілікті жердің климаттық жағдайларына сай жүргізілуі  керек. Баланың  дене құрылысын шынықтырушы  іс- шаралар балаға  ұнап, жақсы эмоция тудыруы  мүмкін.

Сондай-ақ балабақшамызда спорттық іс-шаралар шынықтыру саяхаты ұйымдастырылады. Педагогтардың  кешенді жұмыс бағдарламасының құрылымына енетін қосымша материалдар баланың дене бітіміне,денсаулығына әсер етіп жан-жақты дамытып,баланы еңбексүйгіштікке, ептілікке тәрбелейтіні сөзсіз.

Балабақша ұжымы ата-аналарды ұйымдастырып, балаларының балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс- шаралар жиі өткізіліп тұрады. Ата-аналар оқу іс -әрекетіне қатыса отырып, өз балаларын жан-жақты зерттеп танып, не толғандырып жүргенін, не қажет екенін біле алады. 

Қорытып айтқанда ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ - түйек деуге нәрсе жоқ. Еш нәрсені ұсақ - түйек деуге, ұмытуға хақымыз жоқ.

Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаныз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ - түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйекпен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз» - деген.

Пайдалы сілтемелер

Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қ. білім бөлімінің
«Күншуақ» балабақшасы» КМҚК
ҚР, Абай облысы, Курчатов қ., Олимпийская к., 11
8 (72251) 2-17-70
kunshuakd@mail.ru