Меню

Логопед кеңесі

Баламен дұрыс сөйлесіңіз!

Сөйлеу балаға табиғи жолмен тұқым қуалау арқылы берілмейді,бала қоршаған ортасы арқылы үйренеді. Сондықтан үлкендердің баламен сөйлесу барысында анық, түсінікті, дыбыстарды бұрмаламай, асықпай, жұмсақ үнмен сөйлескені өте маңызды. Кейбір сөздерді бала бірінші рет естігендіктен қалай естісе солай қабылдап, дәл солай айтатын болатынын ескеру қажет.

Асығыс, қалай болса солай айтылған сөздер өз кезегінде балаға кері әсерін тигізіп, бала өзінің сөйлеген сөзіне зейін салмайтын, сөйлеген сөзін басқалар қалай қабылдайтынына назар аудармайтын болуы мүмкін.

Егер үйде айқайлап, ашулы, асығыс сөйлейтін болса баланың да сөйлеу тілі солай дамиды. Баланың дыбыстарды дұрыс айтпауы үлкендердің сөйлеу ақаулығына еліктеуінен пайда болатыны да сирек емес.

Пайдалы сілтемелер

Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қ. білім бөлімінің
«Күншуақ» балабақшасы» КМҚК
ҚР, Абай облысы, Курчатов қ., Олимпийская к., 11
8 (72251) 2-17-70
kunshuakd@mail.ru